4 Сәуір 2019, 12:33 695 0 Жаһан Túrkistan Gazeti

2 МЛРД ҚАРЫЗДЫҢ ДЕРЕГІ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Қытайдан алынатын 2 млрд юань қарызға қатысты түсініктеме берді. Ол бұл қаржыға қытайлық техника алынатынын жеткізді.

Журналистің «Сіздер Қытайдан 2 млрд юань, яғни 112 млрд теңге көлемінде 2 пайыз қарыз алатындарыңызды жарияладыңыздар. Бұл қарыздың басым бөлігі шекараны техникалық жабдықтауға қолданылады. Қазір Қытайдың «Хлауи» сияқты кейбір компаниялары дүниежүзінде күдік тудырып отыр. Сондықтан сіздердің шекараға әкеліп қоятын технологияларыңыз ертең мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтірмей ме? Бұл мәселені шешу үшін сіздер қандай жұмыс жасап жатырсыздар?» – деген сұрағына: «Біз осы заемды, қарызды сол шекарадағы өтпелі пункттерге бағыттаймыз. Оның 70 пайызы құрал-жабдықтарға жолданады. Бұл әлемге белгілі үлкен қытайлық компанияның өнімдері, «Нутэк» компаниясы, ол 122 мемлекетке өзінің техникасын жібереді. Америка және Еуроодақтың дәл сондай техникасымен салыстырғанда оның сапасы, еш жері кем емес, бірақ та бағасы 1,5 есе төмен. Қауіпсіздік мәселесіне келсек, бұл құралды импорттау кезінде оған біздің мемлекеттік орган – ИИДМ-нен тиісті лицензия алыну керек. Осымен бірге, бұл техника біздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінен міндетті түрде тексерістен өтеді. Осылайша, барлық қауіпсіздік сұрақтары қамтылады», – деп жауап берді Әлихан Смайылов.

Бұған дейін Қазақстан Қытайдан 2,062 млрд юань көлемінде несие алатыны туралы әңгіменің шеті шыққан. Қарыз ақша шекарадағы тексеру-өткізу бекеттерін жабдықтауға жұмсалмақ.

Соңғы жаңалықтар