Алматы тауларында Испанияның екі азаматшасы құтқарылды

Алматы тауларында Испанияның екі азаматшасы құтқарылды

Алматы тауларында Испанияның екі азаматшасы құтқарылды
ашық дереккөзі
Алматы тауларында Испанияның екі азаматшасы құтқарылды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.  Оның айтуынша, 26 тамызда сағат 16.09-да Үлкен Алматы шыңында екі қыз адасып қалды деген хабарлама келген. 16.24-те республикалық жедел-құтқару қызметінің жедел тобы (соның ішінде 1 кинологиялық есеп) іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілетін жерге шықты. Іздестіру барысында сағат 18.06-да жедел құтқару тобы саяхатшыларды тауып таудан түсіре бастады. 18.55-те құтқарушылар қиындақсыз саяхатшыларды төмен түсірді. "Іздестіру-құтқару жұмыстарының барысында жоғалған туристердің испан азаматшалары екені анықталды. Туристер жеке көліктеріне жеткізілді және олар медициналық көмекке мұқтаж емес", - деді Иманқұлов.