Мароккодан Испанияға жетпек болған 400 мигрант құтқарылды

Мароккодан Испанияға жетпек болған 400 мигрант құтқарылды

Мароккодан Испанияға жетпек болған 400 мигрант құтқарылды
ашық дереккөзі
Соңғы бір аптада Жерорта теңізінде Мароккодан Испанияға жетпек болған 400 мигрант құтқарылды. Бұл мәліметті Испанияның құтқару қызметі жариялаған. Босқындар мінген 10 қайық Гибралтар бұғазы мен Альборан теңізінде табылды. Жалпы Еуропаға теңізбен келетін мигранттар саны 2015-жылмен салыстырғанда азайғанымен Испанияға ұмтылған адамдардың саны артып келеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл миграция жолдарының өзгергенін көрсетіп отыр. Биыл Испания, Италия мен Грекияны артта қалдырып, босқындар жетуге ниетті негізгі елге айналған.