30 Сәуір 2018, 14:54 1207 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Ауғанстандағы екі жарылыстан 21 адам опат болды

Бүгін Кабулде болған екі жарылыстан 21 адам опат болды. Жараланғандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости. 

Бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі жеті адамның көз жұмып, 20-сы зардап шеккенін мәлімдеген еді.

Екі жарылыс та бүгін таңертең болды. БАҚ-тың ақпаратынша, біріншісінде жанкешті террорист мотоциклде өзін-өзі жарып жіберген.

Пажвак агенттігі хабарлағандай, екінші жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында  TOLOnews, 1TV және Al Jazeera телеарналары мен басқа да БАҚ-тың журналистері бар. Франс Пресс агенттігі фотограф Ша Мараидің қаза тапқанын хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар