200 мың өлім: Трамп коронавируспен күрестегі көрегендігі үшін өзін-өзі мақтады

200 мың өлім: Трамп коронавируспен күрестегі көрегендігі үшін өзін-өзі мақтады

200 мың өлім: Трамп коронавируспен күрестегі көрегендігі үшін өзін-өзі мақтады
ашық дереккөзі
АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 200 мыңға жеткендігі жөніндегі хабардан кейін мемлекет басшысы Дональд Трамп індетпен күрестегі көрегендігі үшін өзін-өзі мақтады, деп жазады РИА Новости. «Бұл сұмдық жағдай. Егер біз дұрыс бәрін дұрыс жасамағанда, індет құрбандарының саны 2,5 миллион болар еді», — деді АҚШ көшбасшысы. Сондай-ақ, ол Қытай індеттің бүкіл әлемге таралуына жол бермегенде ешкім қайтыс болмайтын айтты. Бұған дейін БҰҰ Бас ассамблеясында жасаған бейнеүндеуінде Дональд Трамп Қытайды коронавирусқа қатысты әрекеттері үшін жауапқа тартуға шақырған еді. «Әуелі Қытай үкіметі және іс жүзінде Пекин бақылап отырған ДДСҰ коронавирус адамнан адамға жұқпайды деген қате ақпарат таратты. Содан соң олар вирус симптомсыз науқастардан жұқпайды деп әлемді тағы адастырды», — деді АҚШ басшысы. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 31,6 миллионнан асты. Індеттен 970 мыңнан аса адам қайтыс болды. Індет жұқтырғандар саны бойынша әлемде көш бастап тұрған АҚШ-та пандемия басталғалы 6,9 миллионға жуық адам нан қатерлі вирус анықталды. Мемлекет індеттен көз жұмғандар саны жөнінен де бірінші орында. Елде коронавирус құрбандарының саны 200 807-ге жетті.