Мемлекеттен грант ала алмаған ЖОО-лар тізімі жарияланды

Мемлекеттен грант ала алмаған ЖОО-лар тізімі жарияланды

Мемлекеттен грант ала алмаған ЖОО-лар тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет тарапынан қолдауға ие болмаған Жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. «Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-ны грант алуға жібермеді. ЖОО-лар қатысты Атамекен рейтинг жүргізіп, жұмысқа орналастыруда төмен орыны мен әлсіз позициясы үшін осылай іріктеліп алынды», – деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында. Оның хабарлауынша инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам білім алады. І курста үш, ІІ курста алты, ІІІ курста бес, ІV курста 1513 студент бар. Аталмыш ЖОО еліміздегі барлық заңгер түлектің 13 пайызына (699 адам) диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗМЗУ-да 2018 жылы «Құқықтану» мамандығын 185 түлек тәмамдаған. Сол секілді Орталық Азия университетінде экономист түлектердің 30 пайыздан азы ғана жұмыс табады. Білім беру бағдарламаларының өзектілігі 10 пайыздан аз. Осындай мысалдарды келтіре келе Олжас Ордабаев грант ала алмаған ЖОО-лардың тізімін жариялады:
  1. «Астана» университеті;
  2. Қазақстан теңіз университеті (қазіргі Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті);
  3. Академик Әбдімүс Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті;
  4. Мардан Сапарбаев институты;
  5. Silk way халықаралық университеті;
  6. «Сырдария» университеті;
  7. Абай Мырзахметов атындағы көкшетау университеті;
  8. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты;
  9. Еуразия технологиялық университеті;
  10. Каспий қоғамдық университеті;
  11. «Қайнар» академиясы;
  12. Инновациялық Еуразия университеті;
  13. Еуразия гуманитарлық институты;
  14. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы;
  15. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы;
  16. Орталық Азия университеті;
  17. Орталық Қазақстан академиясы;
  18. Қазақ технология және бизнес университеті;
  19. Вolashaq академиясы;
  20. Қазақстан инновациялық академиясы;
  21. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
  22. Академик Қаныш Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
  23. Дінмұхамед Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы;
  24. Қызылорда «Болашақ» университеті»;
  25. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті;
  26. Шет тілдер және іскерлік мансап университеті;
  27. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті;
  28. Гуманитарлық-техникалық академия;
  29. Алматы экономика және статистика академиясы;
  30. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті;
  31. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті;
  32. Алматы университеті;
  33. Қазақстан медициналық үздіксіз білім беру университеті;
  34. Қазақ-орыс халықаралық университеті;
  35. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
  36. Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті.