Грузияда отбасына озбырлық көрсеткендерге электронды білезік тағылады

Грузияда отбасына озбырлық көрсеткендерге электронды білезік тағылады

Грузияда отбасына озбырлық көрсеткендерге электронды білезік тағылады
ашық дереккөзі
Бұдан былай Грузияда отбасына зорлық-зомбылық жасайтындар қатаң бақылауға алынып, электронды білезіктер тағуға міндеттеледі. Елдің қылмыстық кодексіне осындай түзету енгізілді. Өткен жылы Грузияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 4 мыңнан аса әйел,  830 ер адам зардап шеккен. Бұған дейін отбасына озбырлық жасайтындарға ордер шығарылып, жәбірленушіге жақындауына тыйым салынатын. Алайда бұл шектеуді қадағалау қиын болғандықтан қаскөйлердің ескі әдетке қайта басуы жиі тіркелетін. Электронды бақылауды енгізуді талап етіп келген үкіметтік емес ұйымдардың табандылығының арқасында Грузияның қылмыстық кодексіне түзету енгізілді.Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша айыпталғандарға электронды білезік тағылады. Егер қаскөй жәбірленушіге жақындаса, білезік полицияға белгі береді. Ал бақылаудағы адам білезігін шешілсе, оған айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Айта кетейік, коронавирус індетінің таралуына байланысты енгізілген карантин кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өскен. Биылғы жылдың наурыз-шілде айларында 33 отандасымыз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болды.