6 Тамыз, 12:57 418 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

«Nur Otan» жалғызбасты қарияға қол ұшын созды

Галина Варфоломеева 77 жаста, 2-ші топтағы мүгедек. Алматы қаласында 1961 жылдан бері тұрады. Құдай қосқан қосағы 2000 жылы қайтыс болғаннан бері жалғыз тұрып келеді. 30 шілдеде «Караван» газетінде зейнеткер Галина Варфоломееваның қазіргі қиын жағдайы туралы ақпарат шықты. Бұл жаңалыққа бей-жай қарамаған «Nur Otan» партиясы мүшелері бірден үн қатты.

«Nur Otan» партиясының мүшесі Асқар Білісбеков Галина Алексеевнаны тұрғылықты жері бойынша іздеп барып, жағдайымен танысты. Зейнеткердің №3 қалалық емханада онкологиялық індеттен емделіп жатқаны, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін ескі үйде тұратыны анықталды.

Партия мүшесі тұрғын үйді жөндеуді өз мойнына алды: жылы еден төсеп, су құбырын өткізді және үйдің шатырын ауыстыруға көмектесті. Сонымен қатар, кәсіпкер өз қаражаты есебінен Г.Варфоломееваға 100 000 теңге табыстады.

«Біз бірден қарияға келіп, үй-жайының жағдайын қарап шықтық. Бірінші болып су құбырын өткізу мәселесі тұрды. Алайда шатырдың да әбден тозығы жеткенін көргенде, біз «Exclusive Qurylys» серіктестерімен бірге көмектесуге шешім қабылдадық. Жедел әрекеттің арқасында барлық жұмыстар екі-үш күнде аяқталды», – деді Асқар Білісбеков.

Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақытбек Жұмабеков 6 түрлі азық-түлігі бар себетті табыстады.

«Мен бұған дейін ешкімнен көмек сұрап көрмеппін. Әрқашан бәрін өзім жасадым. Бірақ кәрілік деген осы екен, зейнетақым да аз. Көп нәрсеге қаражатың жетіспейді. Қиын сәтте тез жауап беріп, жылы үй туралы арманымды орындағандары үшін «Nur Otan» партиясы мүшелеріне үлкен алғысымды білдіремін», – деді Галина Варфоломеева.

 

Соңғы жаңалықтар