5 Тамыз, 15:11 651 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бейруттағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 100-ден асты

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Sky News Arabia телеарнасының мәліметінше, зардап шеккен адамдар саны 4 мыңнан, ал қаза тапқандардың саны 100-ден асқан.

Сейсенбі күні Бейруттағы теңіз портында, Ливан әскери теңіз күштері базасына жақын жерде жойқын жарылыс болды. Жарылу толқынынан ондаған үйлер мен автомобильдер қирап, қаладағы көптеген үйлердің терезелері сынды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылысқа кеден қызметінің 2015 жылы тәркілеген, сол уақыттан бері қоймада сақталған 2,7 мың тонна аммиак селитрасының детонациясы себеп болды.

Елде аза тұту күні жарияланды. Екі апталық мерзімге төтенше жағдай режимі енгізілді.

Соңғы жаңалықтар