30 Шілде, 17:35 396 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке қарағанда, 31 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавл қаласында 31 шілде күні түнде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %. Батыс-Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте 37 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады. Ауа райы болжамының ытималдылығы 85-90%.

 

Соңғы жаңалықтар