«СҚ-Фармация» ЖШС мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылары қызметінен босатылды

«СҚ-Фармация» ЖШС мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылары қызметінен босатылды

«СҚ-Фармация» ЖШС мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылары қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі. «Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша «СҚ-Фармация« ЖШС-ның Басқарма төрағасы Б.Ш.Шәріп қызметінен босатылды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры« КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н.Жұмағұлов қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.