10 Шілде, 13:17 827 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК 11-13 шілде аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

«Циклон жырасының солтүстік және оңтүстіктен шығуына байланысты республикада құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кейін антициклон сілемі одан әрі жылжиды. Соған байланысты жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды. Тек республиканың шығысында демалыстарда жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады. Сондай-ақ дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. Ал Қазақстанның батысында қатты ыстық сақталады», – делінген синоптиктердің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар