25 Мамыр, 12:31 487 0 Саясат Арайлым Бимендиева

Қазақстан мен Ресей – стратегиялық әріптес

Осыдан 18 жыл бұрын, 1992 жылғы 25 мамырда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарт Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы тату көршілікті, жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, жақындасу мен интеграция үшін құқықтық негіздің нығаюына ықпал еткен маңызды құжат болды.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев біздің республикамыздың заманауи шекарасын нақты бекітуінің нәтижесінде Қазақстан әлемде шекара мәселесі шешілген аз елдердің бірі.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының стратегиялық әріптестігі – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Екі ел арасындағы Келісімге қол қою Қазақстанның дамуында маңызды орын алады.

Президент Қ.Тоқаев Ресеймен әріптестік бойынша стратегиялық курсты жалғастырып, көпвекторлы саясатты жүргізіп келеді.

Қазақстан мен Ресей шекарасы құрлықтағы ең ұзын шекара, оның ұзындығы 7598,8 шақырым. Шекараның мызғымас беріктігі мен стратегиялық әріптестік екі елдің экономикасының дамуына оң әсер етіп отыр.

2020 жылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша РФ-ның ҚР-дағы Сауда өкілдігінің хабарлауынша екі ел арасындағы тауар айналымы 2018 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артқан. Тауар айналымы көлемі 19,6 миллиард доллар. Ресейден Қазақстанға импортталатын тауар көлемі 7,7%-ға өсіп, 14 миллиард долларға жеткен. Қазақстанның Ресейге экспорт көлемі 4,2%-ға көбейіп, 5,6 миллиардты құрайды.

Соңғы жаңалықтар