Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Елбасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
ашық дереккөзі
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының қазіргі қызметі мен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бақылау жүргізу барысы туралы ақпарат ұсынылды. Н.Нығматулиннің мәліметі бойынша, Мәжілістің қарауындағы 137 заң жобасының 40-тан астамын «Nur Otan» фракциясының депутаттары әзірледі. Сонымен қатар Елбасына еліміздің дағдарысқа қарсы дамуын заңнамалық қамтамасыз ету аясында экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі Үкіметтің Кешенді жоспарына парламенттік фракцияның әзірленген ұсыныстары туралы мәлімет берілді.