Дастан Сәтбаевты анасы туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады

/
Дастан Сәтбаевты анасы туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады
Коллаж: Turkystan.kz

12 тамыз күні Қазақстан құрамасы мен Англияның «Челси» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев 18 жасқа толды. Кәмелет жасына толған күні футболшыны ең жақын жандары – анасы мен інісі жылы лебіздерін білдіріп, құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшының анасы Мәдина Сәтбаева ұлына арнап Instagram Stories парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол Дастанмен бірге түскен мұрағаттағы суретін бөлісіп, қысқа да жылы сөздерін жазды.

«Дастан, жүрегім, туған күніңмен! Сені жақсы көремін», - деген анасы.

Құттықтауға футболшының інісі Темірхан Сәтбаев та қосылды. Ол да Stories парақшасында ағасымен түскен мұрағаттағы суретті жариялады.

«Туған күніңмен, бауырым!» – деп жазған ол.

Дастан Сәтбаев өзінің 18 жасын Қазақстанның ең танымал жас футболшыларының бірі мәртебесінде қарсы алып отыр. Қазіргі уақытта шабуылшы Англияның «Челси» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар