Алматы: "Алтын Орда" маңындағы блокбекетте ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

Алматы: "Алтын Орда" маңындағы блокбекетте ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)

Алматы: "Алтын Орда" маңындағы блокбекетте ұзын-сонар кезек пайда болды (видео)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы блокбекетте түсірілген видео тарады. Видеода қалаға кіре алмаған Алматы облысы тұрғындарының блокбекеттің жанында ұзын-сонар кезекте тұрған сәті таспаланған.   Бүгін Қазақстан бойынша ТЖ алынғанымен Алматыда карантин режимі сақталып отыр. Таңертең қалаға қарай асыққан облыс тұрғындарын блокбекеттен өткізбеді. Желіде тараған видеодан жүзден аса адамның қалаға кіре алмай тұрғанын көруге болады. Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты пікір білдірді. "Таңертең ол жердегі блокбекетте адамдар жиналды. Тәртіпсіздік болған жоқ. Жиналған адамдарға қаладағы 27 блок-бекет бұрынғы режим бойынша жұмыс істеп жатқаны түсіндірілді. Карантиндегі Алматы аумағы жабық. Тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сүйенуге шақырамыз",- делінген департамент таратқан хабарламада. https://www.instagram.com/p/CACFvZPjcht/?utm_source=ig_web_copy_link Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин тәртібі сақталатынын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин қалаға кіру-шығу ережелері өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген.