17 Сәуір 2020, 19:52 1874 0 Мультимедиа Анар ЛЕПЕСОВА

Ермұхамет Ертісбаев: Экономиканы жүйелі дамытудың жібін үзіп алмауымыз керек (видео)

Мемлекет қайраткері, экс-дипломат Ермұхамет Ертісбаев zakon.kz сайтына сұхбат берді. Әлемді жайлаған пандемия, Қазақстанның коронавируспен күресі, төтенше жағдай режимі, карантинде отырған халықтың жайын талқыланды.

Е.Ертісбаев сұхбат барысында «билік пандемияны пайдаланып, наразылықты басу үшін әдейі төтенше жағдай режимін, карантин енгізіп отыр» деп күмән келтіретіндерге жауап берді. Оның пікірінше, бұл бос күмән, егер бұл логикаға сүйенсек, онда карантин енгізген әлемдегі ел үкіметтерінің барлығы наразылықты басқысы келеді. «Пандемия төрткіл дүниенің төрт бұрышына түгел тарады. Қауіпті індеттің алдын алу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялап, шұғыл шешім қабылдады. Бүкіл мемлекет қауіпсіздік үшін коронавирусқа қарсы күресте карантин режимін енгізуге мәжбүр болды. Мәселен, АҚШ-тың соңғы 250 жылдық тарихында мұндай жағдай болмаған. Барлық штаттарында төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болып отыр. Әрине, карантинде үйден шықпай отыру халыққа оңай емес. Тіпті, кейбірі төтенше жағдай талаптарын бұзды. Оларды полицейлер жауапқа тартты. Тырп етпей үйде отыру керек деген тәртіпке барлығы бірдей бір-ақ күнде мойынсұна қойған жоқ. Соған қарамастан, меніңше, қатаң тәртіп, шектеуге де үйренді. Ахуалға қарай карантин мерзімін 10 мамырға дейін ұзартуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт өсуі де ықтимал. Сондықтан карантин режимін тоқтату коронавирусқа шалдыққандардың санына, індеттің беті қайтуына тікелей байланысты болып тұр. Сол себепті қатаң шараларды халық үшін қабылдау өте маңызды. Оны айтып отырған себебім, мәселен Италия дер кезінде сақтық үшін карантин енгізгенде оларда COVID-19 індетінен көп адам қайтыс болмайтын еді», – деді Ермұхамет Ертісбаев. Оның пікірінше, Қазақстан өз уақытында халықтың денсаулығы үшін дұрыс шешіп шығарып, төтенше жағдай жариялады.

Отандық өнімдер шетелдікінен он есе артық

Сондай-ақ сұхбатта пандемия дүниежүзіне әлеуметтік, экономикалық өзгеріс әкелетінін де айтып өтті. Сонымен қатар өнім өндіруде отандық өндіріске жете мән беретін кез келгенін де нақтылады. «Қазақстанда тек қана астық емес, жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері де көптеп өндіріледі. Азық-түлік өндірісінде шетелден келетін өнімдерге қарағанда Қазақстанда өсірілген жеміс-жидек, өндірілген айран-сүттің сапасы әлдеқайда жоғары. Халықтың денсаулығына да пайдасы зор. Біз осыны естен шығармауымыз керек. Біз елімізді толықтай азық-түлікпен қамтамасыз ете аламыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоймада сақталған азық-түлік қорының жеткілікті екеніне өзі барып, көз жеткізіп қайтты. Меніңше, көктемгі егін егу жұмыстары да төтенше жағдайға қарамастан, жоспар бойынша өтеді. Астық уақытылы себіледі. Жиналған өнімдерді сату, аймақтарға жеткізуде де ешқандай кедергі болмайды», – деді саясаткер.

Ғылым бізге бағдаршам болып жөн сілтейді

Ертісбаевтың айтуынша, Қазақстанда билік транзитінің бейбіт түрде ауысы – әлемге үлгі боларлық құбылыс. «Сарапшылардың зерттеуінше, кез келген мемлекет үшін жауапты және тарихи осы сәтте халық үшін тиімді саясатты жалғастыру, жүргізу өте маңызды. Мемлекеттегі бірлік пен ынтымақ кейбіреуге ұнамауы мүмкін. Мысықтілеулес адамдардың халыққа жаны ашымайды. Теріс пиғылын іске асыру үшін өткелде қолдан наразылық шараларын ұйымдастырып, аттандап алаңға шығып, елдің назарына түсу үшін жан таласуы мүмкін. Десек те, тәуелсіздік алған жылдардағы қиын кезеңдерден де өттік. Осыдан 30 жыл бұрын айлап-жылдап жалақы алмау, дүкендердегі ұзын-сонар кезек, тауар тапшы болған кезді бастан өткергенімізді қазіргі жастардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондықтан біз экономиканы жүйелі дамытудың жібін үзіп алмауымыз керек. Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдасақ, ел экономикасы дамитынын қаперімізден шығармайық», – дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Экс-дипломаттың пайымынша, Қазақстанның ары қарай өркендеуіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жылдар бойы жүзеге асқан экономикалық даму процесі үздіксіз жалғасуы тиіс. Экономика дамыса, ел еңсесін түзейді. Уақыт талабына сай халықтың та сұранысы, талабы өзгеріп отыруы – заңдылық. Жылдар өте азаматтардың тұрмысы түзелген сайын жаңаша талап-тілектердің пайда болуы – қалыпты құбылыс. Тіпті, экономикасы қарыштап дамыған мемлекеттерде де әлеуметтік мәселердің бар екені ақиқат. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың кілті ғылымда екенін шегелеп айтты. Ғылымды дамыту, керек кәсіпті игеру ғана бізді дағдарыстан, төтенше жағдайдан кейін де кездесетін кедергілерден құтқарады.

;feature=youtu.be

Дереккөз: Aikyn.kz

Соңғы жаңалықтар