28 Наурыз, 20:27 373 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Тауар өндірісі тоқтаған жоқ – министр

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте еліміздің аумағынан қандай тауарлар шетелге шығарылмайтындығы туралы айтты.

«22 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі қарақұмық жармасы, бидай немесе қара бидай ұны, қант, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы және күнбағыс тұқымдарын үшінші елдерге экспорттауға тыйым салды. Барлық тауар түрлері әлеуметтік маңызы бар тізімге енгізілген. Жалпы, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 позиция кіреді. Қазіргі уақытта осы тізімге енгізілген барлық тауарлар жоғары дәрежеде қамтамасыз етілген, алдағы алты айға дейін жетеді. Сонымен қатар, отандық тауар өндірісі тоқтап қалған жоқ, сол себепті қорлар үнемі толықтырылып отырады», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар