Елбасы коронавируспен күресуге 200 миллион теңге бөлді

Елбасы коронавируспен күресуге 200 миллион теңге бөлді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда коронавируспен күресу үшін 200 миллион теңге бөлуді тапсырды, – деп жазды Elbasy.kz.
Тұңғыш Президенттің қоры Қазақстандағы коронавирус инфекциясымен күресу үшін 200 миллион теңге бөлді.
«Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар толығымен орындалып жатыр. Мемлекет бұрын-соңды болмаған жедел іс-шараларды іске асырып, жедел шешімдер қабылдауда. Қауіпті инфекциямен барлығы бірге күреседі. Бұл бастамаға жауапкершілікпен қарап, біздің қоғамның бірлігін көрсете отырып, жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамын. Біз бұл сынақтан абыроймен өтеміз. Біз – әрдайым біргеміз!», – деді Елбасы.