Карантин: Nur Otan қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ

Карантин: Nur Otan қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ

Карантин: Nur Otan қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 миллион теңге бағытталды. Атаулы көмек көрсету ісі «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында жүзеге асады. ⠀ Бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады. Сонымен қатар партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады. ⠀ Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған жедел штабтарға кез келген көмек көрсету үшін еріктілердің ықшам топтары жасақталуда.