Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9 науқастың бірі – Halyk Bank қызметкері

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9 науқастың бірі – Halyk Bank қызметкері

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9 науқастың бірі – Halyk Bank қызметкері
ашық дереккөзі
Алматыдағы Halyk Bank кеңсесінде банк қызметтері туралы кеңес беретін сыртқы ұйымның қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.  «Halyk Bank клиенттермен әрдайым өзара ашық қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Оның үстіне бүгінгі бүкіл әлемді дүрліктірген өмір сүру жағдайында бұл аса маңызды. Осыған байланысты COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған аждамдардың бірі Алматы қаласындағы банк ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкері екенін халыққа хабарлау қажет деп санаймыз», - делінген банк хабарламасында. Науқас және онымен байланысқан барлық қызметкерлер сынақ процедурасынан өтіп, қазіргі уақытта оқшауланған және карантинде жатыр. «Анықталған ауруы бар сыртқы компанияның қызметкеріне жақын жерде болған банк қызметкерлері клиенттермен тікелей қарым-қатынаста болмағанын хабарлаймыз. Өз кезегінде банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңсе және бөлімшелерде үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі режимде жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді», - деп мәлім етті банктен.