Ел аумағында төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты ірі сауда нысандардың жұмысына шектеу қойылады. «Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін. Ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Айта кетейік, 16 наурыздан бастар Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді.
Жүктелуде...