Қазақстанға коронавирусты анықтайтын 100 мың тест әкелінбек

Қазақстанға коронавирусты анықтайтын 100 мың тест әкелінбек

Қазақстанға коронавирусты анықтайтын 100 мың тест әкелінбек
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жүйесі туралы айтып берді. ҚазАқпараттың мәліметінше, ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов: «Біз қазір 60 мың тестің жеткізілуін күтіп отырмыз. Одан бөлек 40 мың тестке тапсырыс бердік. Яғни жалпы біз 100 мың тесті резервке қоямыз», – деді. Министр қазіргі таңда Қазақстанда РФ, ҚХР, БАӘ, АҚШ және ДДСҰ ұсынған (Германияда шығарылған) тест-жүйелері бар екенін айтып өтті. «Жалпы бізге 15 мың тест жеткізілді. Қазіргі таңда біз 3389 адамға 5093 тесті пайдаландық. Қалған 9907 тест бар. Осылардың ішінде екеуі оң нәтиже көрсетті. Ол туралы жаңа айттым», – деді министр.