Үкімет басшысы халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

Сондай-ақ!

COVIID-19: Елімізде бір тәулікте 720 адам індет жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 720 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 50 Алматы қаласы - 43 Шымкент қаласы - 3 Ақмола...

Макрон Францияда карантин қашан тоқтайтынын айтты

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі карантиндік шектеулер қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Оның сөзінше, егер 15 желтоқсанға қарай Францияда тәулігіне індет жұқтырғандар...

Ақтөбеде 9 жастағы бала коронавирустық пневмониядан көз жұмды

Ақтөбеде 9 жастағы бала коронавирустық пневмониядан көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 11 қараша күні науқастың іші ауырып, мазасы қашқан. Баланы жедел түрде...

Шымкенттегі мұқтаж отбасыларға көмір тегін үлестірілді

Шымкент қаласында «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры «Отбасыға жылу сыйла 3» акциясын ұйымдастырды. Аталған шара барысында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға тегін көмір...

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, –  деп жазды primeminister.kz.

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р.Дәленов, Ұлттық Банк төрағасы Е.Досаев, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә.Смайылов, еңбек нарығындағы жағдай және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов, сондай-ақ индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.Өскенбаев баяндады.

Биыл қаңтар-ақпан айларында ЖІӨ өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,3% болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 11,6 пайызға, оның ішінде жеке инвестициялар 12,1 пайызға өсті. Инфляция 6% мақсатты дәлізде сақталады. Экономиканың шикізаттық емес салалары, оның ішінде автомобиль жасауды (72,2%) және жеңіл өнеркәсіпті (12,4%) қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп 9,4 пайызға, құрылыс 11,9 пайызға өсті. Ұлттық қор активтері $61,1 млрд, алтын-валюта резервтері $29,3 млрд теңгені құрады.

«Бүгінгі таңда сыртқы экономикалық конъюнктурада теріс динамика байқалып отыр. Бірқатар ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттары биыл әлемдік экономиканың өсу болжамының төмендегенін хабарлады. Энергия тасымалдаушыларға бағаның төмендеуінің әсері ОПЕК-тің нарықты тұрақтандыру бойынша үйлестірілген шараларды іске асыруға қатысты келісімге келе алмауы аясында күшейе түсті», – деді А. Мамин.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы жедел әрекет ету республикалық штабын құрғанын атап өтті. Тиісті штабтар барлық өңірлерде құрылған. Үкімет жағдайды одан әрі дамытудың бірнеше нұсқаларын пысықтады, олардың әрқайсысы қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген. Ұлттық экономикаға теріс сыртқы конъюнктурадан әсерлерді азайтуға бағытталған бірқатар шаралар әзірленді.

«Бұл шаралардың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз ету. Азаматтарымыздың ешқайсысы қиын жағдайда қалмайды», – деді А. Мамин.

Үкімет басшысы әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша нарықтарда тауар интервенцияларын өткізу үшін тұрақтандыру қорларының тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Біз отандық кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне сұранысты ынталандыру бойынша қолда бар барлық ішкі резервтерді іске қосуымыз керек», – деді Премьер-Министр және импортты алмастыруды күшейту жөніндегі нақты шаралармен жоспар әзірлеуді тапсырды.

Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға, ұлттық басқарушы холдингтерге және Үкіметке есеп беретін басқа да ұйымдарға валюта нарығындағы өз операцияларын Ұлттық Банкпен келісуді тапсырды. Қаржы министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір апта мерзімде басым емес инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін ауыстыра отырып, бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытылы әлеуметтік төлемдерді толық көлемде қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтудың жаңа Жол картасын әзірлеуге тапсырма берді, оның аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Біздің ортақ міндетіміз – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалатынын атап өткім келеді. Барлық зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы әрі толық көлемде төленеді», – деп түйді А. Мамин.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Дәрігерлер қатерлі ісікті тамақтанып отырғанда анықтаудың жолын айтты

Рой Касл қорының зерттеушілері қатерлі ісікті тамақ ішіп отырғандай анықтауға болатынын айтты,...

COVIID-19: Елімізде бір тәулікте 720 адам індет жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 720 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды...

Макрон Францияда карантин қашан тоқтайтынын айтты

Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі карантиндік шектеулер қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты, деп...

Ақтөбеде 9 жастағы бала коронавирустық пневмониядан көз жұмды

Ақтөбеде 9 жастағы бала коронавирустық пневмониядан көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының...

Шымкенттегі мұқтаж отбасыларға көмір тегін үлестірілді

Шымкент қаласында «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры «Отбасыға жылу сыйла 3» акциясын ұйымдастырды....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...