Bek Air апаты: зардап шеккендерге 94 миллион теңге өтемақы берілді

Bek Air апаты: зардап шеккендерге 94 миллион теңге өтемақы берілді

Bek Air апаты: зардап шеккендерге 94 миллион теңге өтемақы берілді
ашық дереккөзі
Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтуынша, ұшақ апаты салдарынан зардап шеккен жолаушылар мен қаза болғандардың отбасына 94 миллион теңге шамасында өтемақы төленді, – деп жазды «Спутник Қазақстан». «Бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсетілді. Зардап шеккен жолаушыға бір миллион теңгеден, ал жақынынан айырылған 12 отбасы төрт миллион теңгеден алды» делінген Маминнің депутаттық сауалға берген жауабында. Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі кезде Bek Air әуе компаниясының қызметі тоқтатылған. Ұшақ апатының тергеу ісін Ішкі істер министрлігінің жедел-тергеу тобы жүргізіп, бас көлік прокуратурасы бақылайды. «Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, оның екі негізгі нұсқасы қарастырылып жатыр. Біріншісі – ұшақтың қанаттарына мұз қатқан болуы мүмкін. Бұл нұсқаны халықаралық сарапшылар көмегімен тексеру үшін ұшуға дейінгі дайындық кезінде әуе кемесін мұздан тазарту процедурасы тексеріліп жатыр. Екіншісі – ұшақтың техникалық ақауы және ұшқыштың қателігі», – деді Асқар Мамин.