Балаларыңызды солтүстікке, шығысқа жіберіңіздер – Тоқаев дүнген диаспорасына

Сондай-ақ!

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды. Бұл туралы ол Алматыдағы балаларды тәрбиелеуге арналған...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның telegram каналы. Осы 10 ұшақпен ұшып келген...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте оқитын 8 оқушы және мектеп жанынан ашылған шағын орталық тәрбиеленушісінен коронавирус инфекциясы...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған дейін ажалды антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған 7 адам көз жұмып, тағы 2...

Мемлекет басшысы Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент Қазақстанды достықтың, бейбітшілік пен келісімнің, сондай-ақ, барлық этникалық топтардың ортақ отаны болып саналатынын атап өтті. Еліміз түрлі тарихи жағдайларға байланысты, қиын-қыстау заманда мәжбүрлі түрде қазақ жерін паналап келген халықтың бәрін құшақ жая қарсы алғанын айтты. Мемлекет басшысы Қордай ауданында болған оқиғадан дұрыс қорытынды шығару керек екенін мәлімдеді.

– Болған қайғылы оқиға артта қалуы тиіс. Алдағы уақытта тату-тәтті, түсіністікте бірге өмір сүреміз. Біз бұдан сабақ алуымыз керек. Бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бұл биліктің де жіберген кемшілігі. Сондықтан мен бірден облыс басшылығын, соның ішінде құқық қорғау органдарының жетекшілерін де ауыстырдым, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бердібек Сапарбаев төрағалық ететін Үкіметтік комиссия барлық нысандарды қайта қалпына келтіріп, әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатынын айтты. Аймақтағы ахуал жіті бақылауда болады.

Президент  дүнген диаспорасының өкілдерін жастардың тәрбиесіне баса мән беріп, оларды әрбір халықтың мәдениетіне, қазақ тілі мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға шақырды.

– Сіздердің балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек. Сондай-ақ орыс тілі мен өзінің ана тілін де білуі қажет. Мемлекет сіздердің мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап, дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Дегенмен сіздер, әсіресе, ауылда тұратын азаматтар мемлекеттік тілді білгендеріңіз аса маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент жастардың Қордай ауданындағы бірнеше ауылда ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеуіне мол мүмкіндік бар екенін жеткізді.

– Қазақстан – байтақ әрі бай мемлекет. Еліміздің солтүстігінде құнарлы жерлер бар. Біз неге бір жерде ғана тұрақтауымыз керек? Балаларыңызды солтүстікке, шығысқа қарай жіберіңіздер. Солтүстік, батыс, оңтүстік, шығыста сіздердің балаларыңызға жұмыс істеп, ақша табуға мүмкіндік мол, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жұртшылықты қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермеуге шақырды. Өңірдегі құқық қорғау органдарының жаңа басшылығына қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қылмыстың алдын алу жөнінде міндет жүктеді.

Кездесуде Қордай ауданының Құрметті азаматы Шисыр Динласон кезінде қамқорлық көрсеткен қазақ халқына қонақжайлылығы мен мейірімі үшін алғыс білдірді. Еңбек ардагері жергілікті дүнгендердің болған оқиғаға өкініш білдіріп, кешірім сұрайтынын айтты. Сортөбе ауылдық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эдик Суларов жергілікті балаларға мемлекеттік тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін оқытуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Қаракемер, Масаншы және Сортөбе ауылдарындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін Арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлерімен, Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерімен әңгімелесті.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Дәмханадағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

Елордалық кафелердің бірінде газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны екіге жетті....
Сара Назарбаева

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...