Австралияда 25 адам коронавируспен күресуде, 1 адам көз жұмды

Австралияда коронавирусты алғаш болып жұқтырған 78 жастағы ер адам қаза тапты. Ол вирусты Жапониядағы Diamond Princess круиздік лайнерінде саяхаттап жүрген кезінде жұқтырған, деп хабарлайды АВС.

Науқас Перт қаласындағы ауруханада қайтыс болған. Ол 79 жастағы әйелімен бірге  елге жеткізілгеннен кейін карантинде жатқан.

Қазіргі уақытта Австралияда 25 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та коронавирустан алғашқы өлім тіркелуіп,  Вашингтон штатында төтенше жағдай режимі жарияланғанын хабарлағанбыз.

Штат бойынша төтенше жағдай жариялау туралы шешімін Вашингтон губернаторы  коронавирустан болған АҚШ азаматының бірінші өлімімен ғана емес, жалпы штатта эпидемиологиялық жағдайдың ушығуымен түсіндірді. Төтенше жағдай режимі штаттың барлық аудандарында іске қосылмақ.

Back to top button