381
Гонконгта жаңа туған сәбидің аяғы ауыр болған
Гонконгта жаңа туған сәбидің аяғы ауыр болған
Дүние есігін ашқан нәрестенің аяғы ауыр болған. Дәл осындай тосын жағдай Гонконгта орын алыпты. Ресейлік «Lenta.ru» сайтының жазғандарына сенсек, Гонконгта жаңа туған қыз өзінің екі бауырына аяғы ауыр болған. Бұл өте сирек кездесетін жағдай.
Ұрық ішіндегі ұрық әлем бойынша орта есеппен алғанда жарты миллиондай жүкті әйелдерде кездесуі мүмкін екен. Әлемнің медицина саласының мамандары мен ғалымдар арасында ұрық ішінде пайда болатын ұрық дау тудырып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жаңа туған сәбидің ішіндегі ұрық тератома болуы мүмкін. Тератома – ісіктің бір түрі болып есептеледі. Алайда Гонконгтың ақ халаттылары науқастың ағзасында егіздердің екі ұрығы табылғанын айтып отыр. Әуелгі тексеру кезінде олар сау болған, кейіннен белгісіз себептермен ұрыұ әпкелерінің денесіне еніп кеткен. Қазір жаңа туған нәресте қыз гинекологтардың бақылауында. Үш апталық қызға оты жасалған. Сол кезде бауыры мен бүйрегінің арасынан екі бірдей ұрық анықталыпты. Олардың бірінің салмағы – 9,3 грамм болса, екіншісі – 14,2 грамм. Ұрық ішіндегі ұрықтың оқиғасы осыған дейін медицинада 200 рет тіркелген екен.