Соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 219 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін таңертең Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырудың 219 жаңа дерегі тіркелді. Осылайша елде жұқпалы індетке шалдыққандардың жалпы саны 3150 адамға жетті. Сондай-ақ, Корея Республикасының денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан 17-ші науқастың көз жұмғанын хабарлады.

COVID-2019 вирусын жаңадан жұқтырғандардың ішінде 181 адам – Тэгу қаласының, 19 адам – Кёнсан-Пукто провинциясының тұрғындары. Ал өзге деректер елдің әр түрлі өңірлерінде тіркеліп отыр. Бұдан бөлек, ауру жұқтырғандармен байланыста болған 35 182  адамның сынамасы зерттелу үстінде.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея коронавирусқа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялап, ел тұрғындарына үйлерінен шықпауды ескерткен.

Back to top button