«Bek Air» компаниясын тексеру қорытындысы жарияланды

Сондай-ақ!

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20, 21, 22 шілдеде тойланады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың суретін бейнелеу дұрыс емес. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде болған жиында...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады. Бұл туралы WABetainfo хабарлады. Жақын күндері WhatsApp қолданушыларына жаңа ережелермен танысып, келісіміңізді...

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне...

«Bek Air» компаниясына жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы жарияланды. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, компанияда әуе сапарын және ұшуға жарамдылықты ұйымдастыру, мұздауға қарсы өңдеу процедуралары, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарына сәйкестігі, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік нормаларын сақтау тәртібі тексерілген.

«2020 жылдың 20 қаңтарында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тексерудің аралық нәтижелері мен сол кезде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлаған болатын. Авиациялық қозғалтқыштарды пайдалануда өрескел бұзушылықтар туралы айтылды. Бірақ олар қозғалтқыштың шығу тегін, онда орнатылған агрегаттардың жұмыс істеуін және ақаулар туралы жазбаларды анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ фюзеляждың және әуе кемелерінің басқа да бөліктерінің зақымдануы болды. Оларға техникалық қызмет көрсету және жөнделуі туралы жалған құжаттар рәсімделіп келген», – деп хабарлайды комитеттен.

Атап өтілгендей, әуе компаниясы инженерлік қызметтің және ұшу экипажының мұздану фактісін анықтау үшін ұшар алдында ұшақ қанаттарын физикалық (тактильдік) тексерудің міндетті процедурасын сақтауын қамтамасыз етпеген. «Сол кезде-ақ әуе компаниясының Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндігі анық еді», – делінген ақпаратта.

Жалпы, тексеріс қорытындысы бойынша әуе компаниясының сертификаттарының қолданысын тоқтатуға негіз бола алатын басқа да көптеген елеулі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған.

«Олардың қатарында авиациялық оқиғаны жасыру, әуе кемесінің үлгісіне рұқсат алу үшін ұшқыштарды даярлау туралы жалған сертификаттарды пайдалану, ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы жалған құжаттар жасау секілді кемшіліктер бар. Әуе компаниясы 2019 жылдың 25 желтоқсанында Фоккер-100 UP-F1017 әуе кемесімен болған авиациялық апаттың нақты себептерін атамады», – деп хабарлады комитеттен.

Мәлім етілгендей, әуе кемесінің командирі «Нұр-Сұлтан» халықаралық әуежайынан Шымкент бағытында ұшып шыққаннан кейін №1 гидрожүйенің істен шығуын анықтаған. Бұл олқылық гидравликалық сұйықтықтың толығымен ағып кетуіне байланысты болған.

Артынша бұл, жалғасқанатшаның шықпай қалуына, шассидің алдыңғы тірегін, биіктік рулін элерондарды, реверсті және ұшу кезіндегі басқа да жабдықтарды басқару тетіктерінің істен шығуына алып келген. Күрделі жағдайға қарамастан, әуе кемесінің командирі №2 авариялық гидрожүйені қолдана отырып ұшуды жалғастырған.

Шымкент қаласының әуежайына қонғаннан кейін, әуе қозғалысын басқару диспетчеріне шассидің алдыңғы тірегін басқару тетігінің істен шыққаны туралы жалған ақпарат берген. Бұдан бөлек, ә уе компаниясы ұшқыштарға авиациялық қауіпсіздік және қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша қайта даярлау курсын аяқтағаны туралы формальды сертификаттар берген. Тексеру барысында анықталғандай, сабақ уақытында және сынақтан өту кезінде пилоттар елдің басқа өңірлерінде ұшу тапсырмасында болған.

Сондай-ақ авиакомпанияның екі ұшқышы Фоккер 70/100 үлгісіндегі әуе кемесін басқару үшін қайта даярлау сертификаттарын қолдан жасағаны белгілі болды. «Латвияның оқу орталығында олар практикалық емтиханды тапсыра алмаған. Осыған байланысты оларға аталған кеме үлгісін басқару құқығы берілмей, тек курсты тыңдағандары жөнінде анықтама тапсырылған», – делінген тексеріс қорытындысында.

Осылайша, лицензияға рұқсат белгісін қойдыру үшін олар уәкілетті органға курсты сәтті аяқтағаны туралы жалған сертификат ұсынған. Оқу орталығы сертификаттардың жалғандығын растады.

Қазіргі уақытта авиациялық персонал куәлігін қайтарып алу мәселесі шешілуде.

««Bek Air» АҚ авиациялық қозғалтқыштарды өндіретін зауыт – « Rolls Royce»-тің қолдауы жөніндегі келісімшартқа отырмаған.  Сонымен қатар, инженерлік процедуралар нұсқаулығын бұза отырып, авиациялық қозғалтқыштардың пайдалану деректері өндіруші зауытқа оларды өңдеу үшін жіберілмеген. Сондай-ақ оларды өздігінен «Bek Air» АҚ-да өңдеу жүргізбеген. Осылайша әуе компаниясы авиациялық қозғалтқыштардың жай-күйіне мониторинг жүргізбеген. Сәйкесінше олардың сенімділігі мен ұшу кезіндегі қауіптер туралы ақпараты болмаған. Әуе компаниясы уәкілетті органның бекітуінсіз инженерлерге рұқсат санатын өз бетінше беріп келген. Сондай-ақ тиісті рұқсаты жоқ инженерлерге әуе кемелерінде техникалық және пайдалану жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген», – деп хабарлайды комитеттен.

Сондай-ақ, Алматы әуежайында әуе компаниясының екі инженері Фоккер-100 UP-F1014 ұшағына техникалық қызмет көрсету туралы құжатты жалған рәсімдегені анықталып отыр. Осы жұмыстар орындалатын күні борт Ауғанстан аумағында әуе сапарын орындау үстінде болған.

«Bek Air» АҚ-ның қызметін жоспардан тыс тексеру нәтижелері әуе компанияға жіберілді. Әуе компаниясы 10 күн ішінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады», – деп ескертеді Азаматтық авиация комитеті.

 

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы...

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20,...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...