Diamond Princess кемесінде болған 4 қазақстандық Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Diamond Princess кемесінде болған 4 қазақстандық Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Diamond Princess кемесінде болған 4 қазақстандық Нұр-Сұлтанға жеткізілді
ашық дереккөзі
200
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Diamond Princess лайнерінде болған төрт қазақстандық азаматтың елге жеткізілгенін хабарлады. «23 ақпан күні таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – «Diamond Princess» жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген. Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған», – делінген ҚР ДСМ таратқан мәліметте.

Серіктес жаңалықтары