Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Семейдегі жатақхананың өртенуіне не себеп болған?

Семей қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бүгін сағат 13.00 шамасында Физкультурная көшесіндегі жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шыққанын хабарлады. 

Өрт жатақхананың 6-қабатынан шыққан. Жиһаз бен төсек-орынды шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады. Ғимараттағы 80 адам өрт тұтана салысымен сыртқа шыққан.

Адамдарды эвакуациялауға көмектесіп жүріп, ащы газ иісін көп жұтып қойған 1972 жылғы күзетші уланып, ауруханаға жеткізілді.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 автоцистерна жұмылдырылған. Жалын сағат 13.31-де толықтай өшірілді.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану немесе электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы себеп болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button