15 Ақпан, 09:04 286 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Қар күреуде көмекке мұқтаж азаматтар болса, мекенжайын көрсетіңіздер — Көлгінов

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада қар тазалау жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты. 

Әкім Facebook парақшасына  қазір қаладағы әрбір ауданда жеке секторды қардан тазарту жұмыстары күндіз-түні жүріп жатқаны жайлы жазды

«Тұрғындар, ұйымдар ауласындағы қарды көше бойына шығарып қойса, біздің коммуналдық шаруашылық қызмет техникалары алып кетеді. Қазір ардагерлердің, қарттардың ауласын тазартуға волонтерлер көмектесуде. Оларға алғыс айтамыз. Егер қар шығару бойынша көмекке мұқтаж азаматтар болса, нақты мекенжайын көрсетулеріңізді сұраймыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

 

 

Соңғы жаңалықтар