14 Ақпан, 10:46 478 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 65 мың адамнан асып жығылды. 

Бүгінде Қытайда  64 627 адам аталған дертті жұқтырған. Ал Жапонияда жаңа вирусты жұқтырған 250-ге жуық  адам ем қабылдауда. Бұл туралы South China Mornin Post басылымы хабарлады.

Жалпы, Қытайдан басқа өңірде короновирусты 500-ге жуық адам жұқтырған.

Қазіргі уақытта қауіпті дерттен қаза тапқандардың саны 1448 жетті.

Басылымның мәліметінше, жаңа вирус Оңтүстік Америка құрлығынан басқа барлық континенттерде анықталған.

Белгілі болғандай, 6 мыңға жуық адам короновирус дертінен толықтай жазылды.

Індет ошағы – Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны шамамен 52 мың адамға жетті.

Тэгтер Коронавирус

Соңғы жаңалықтар