267
Баласына дұрыс қарамаған 61 ата-ана жазаланды
Баласына дұрыс қарамаған 61 ата-ана жазаланды
Шығыс Қазақстан облысындағы «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы барысында 70-ке жуық берекесіз отбасы анықталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өткізіліп жатқан жедел алдын алу шарасының мақсаты – отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде тіркеуде тұрғандарды тексеру.
Бүгінде полицейлер тұрмыстық қарым-қатынаста заңсыздыққа жол берген 320 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ 59 адам ішімдікке және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіліпті.
«Тексеру барысында 69 берекесіз отбасы анықталды. Кәмелет жасына толмаған баласына дұрыс қарамағаны үшін 61 адам жауапқа тартылып, 12 адам ата-ана құқығынан айырылды» делінген ведомство мәліметінде.