Жамбыл облысының жаңа әкімі – Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысының жаңа әкімі – Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысының жаңа әкімі – Бердібек Сапарбаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды. «Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», – делінген ресми жарлықта. Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған оқиғаның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылған болатын. Бердібек Сапарбаев басқарған Үкімет комиссиясы 8 ақпаннан бері аталмыш аймақта болған жанжалдың себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр.