Қордайдағы қақтығыста 8 адам көз жұмды, 40-тан көп адам жарақат алды

Қордайдағы қақтығыста 8 адам көз жұмды, 40-тан көп адам жарақат алды

Қордайдағы қақтығыста 8 адам көз жұмды, 40-тан көп адам жарақат алды
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжалға қатысты ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізді, – деп жазды ҚазАқпарат. «7 ақпанда сағат 19.00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр деген хабарлама келіп түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Осының салдарынан басқа ауылдардан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылып кеткен. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрып, қару қолданды. 8 адам көз жұмды. 40-тан астам адам жарақат алды», – деді Ішкі істер министрі. Министрдің айтуынша, жағдайды тұрақтандыру үшін оқиға орнына ішкі істер органдарының қосымша күші жіберілген. «Ішкі істер министрінің және Бас прокурордың орынбасарлары да сол жерге барды. Жедел тергеу тобы құрылып, адам өлімі, бұзақылық фактілері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні жағдай тұрақты», – дейді Ерлан Тұрғымбаев.