Қазақ тілінде контент тұтынатындар саны артуда – медиа-сарапшы

Қазақ тілінде контент тұтынатындар саны артуда – медиа-сарапшы

Қазақ тілінде контент тұтынатындар саны артуда – медиа-сарапшы
ашық дереккөзі
Бүгін елордада өткен қазақтілді онлайн-контент жасаушылардың форумында медиа-кеңесші Асхат Еркімбай еліміздегі әрбір екінші адам ақпаратты ғаламтордан алатынын тілге тиек етті.  – Internews Kazakhstan «Орталық Азия елінде – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанда адамдар ақпаратты қалай тұтынады?», «Ақпарат көзін қайдан алады?» дейтін сауалдарға жауап іздеді. Сауалнама қорытындысы бойынша, тұтастай алған кезде үш елде де ақпарат алу көзі ретінде алдыңғы орында теледидар тұр. Екінші орында – интернет. Қазақстанда сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам жаңалықты интернеттен қарайтынын айтқан. Үшінші орында әлеуметтік желі, туған-туыс, дос-жаран тұр. Радио Тәжікстанда ғана оқ бойы алда тұр, – дейді медиа-сарапшы. Сондай-ақ, ол Орталық Азия халқы интернеттегі уақытын қалай өткізетіні туралы айтып берді. – Орталық Азиядағы тұрғындар интернетті ең алдымен, көңіл көтеру, жаңалық оқу, одан кейін фильм қарау мақсатында қолданады. Азияның өзге елдерімен салыстырғанда Қазақстанда интернет арқылы төлем жасау, банк қызметін пайдалану, электронды тауар сатып алу жүйесі жолға қойылған. Яғни, біздің аудитория электронды дүниені сатуға, сатып алуға дайын және оған машықтанған. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылар онлайн-контент сатып алуға 2-3 мың теңгесін қиятыны анықталды. Әлеуметтік-демографиялық сауалнама қорытындысы бойынша, қазақ тілінде контентті тұтынатын адамдар саны артып бара жатқаны байқалады, – деді ол.