Парламент депутаттары балалаларды кемсітуге қарсы заң жобасын әзірледі

Парламент депутаттары балалаларды кемсітуге қарсы заң жобасын әзірледі

Парламент депутаттары балалаларды кемсітуге қарсы заң жобасын әзірледі
ашық дереккөзі
Құжатты заң шығармашылық қызмет мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысында Мәжіліс депутаты Снежана Имашева таныстырды. ҚазАқпараттың мәліметінше, заң жобасы бірнеше кодекс пен заңға түзетулер енгізуді көздейді. – Бірінші ҚР Қылмыстық кодексінің тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлі шараларын қодануға қатысты кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке алу және бақылауды анықтау бөліміне өзгеріс енгізіледі. Екіншіден, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің кәмелетке толмағандарға жеңіл дене жарақатын салу және ұрып-соғу бөлігіне түзетулер енгізу қарастырылады. Үшіншіден, ҚР Еңбек кодексіне 14 жасқа толмаған тұлғалармен, жоғары санаттағы спортшылармен шарт жасасу бөлімі енгізіледі. Төртіншіден, «Балалардың құқығы туралы» заңға балаларды кемсітушілікке тыйым салу, баланың баспана алу құқығын нақтылау, баланы тәрбиелеу, асыраудағы ата-ананың міндеттерін кеңейту көзделеді, – деді депутат. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты еліміздің «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, балалардың қараусыз және қорғансыз қалуының алдын алу туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарына түзету енгізу қарастырылатынын айтты.