Алматыда қару ұстап жүргендер қамалды

Алматыда қару ұстап жүргендер қамалды

Алматыда қару ұстап жүргендер қамалды
ашық дереккөзі
Алматыда полиция арнайы операция кезінде қару ұстап жүрген адамдарды ұстап, оларды уақытша қамады. ҚазАқпараттың мәліметінше, арнайы операцияны криминиалды полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді. «Кешкі 20:00 шамасында Шевченко көшесінде «Мерседес» көлігі тоқтатылған болатын. Жеке тінту кезінде 30 жастағы жүргізушінің қолынан 9 патрон салынған «Grand Power Т10» маркалы тапанша табылды. 28 жастағы жолаушы тағы бір заттарын далаға лақтырып жібермек болды. Сараптама қорытындысына сенсек, ол «Макаров» тапаншасы болып шықты. Бұл дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағы бойынша бірыңғай тергеу ісі ресстріне тіркелді. Бұл істі Медеу аудандық криминалды полиция басқармасы қарап жатыр. Ұсталған тұлғалар уақытша оқшаулау орнына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.