253
Байқаусызда қоқыс жәшігіне тасталған 20 мың еуро иесіне қайтарылды
Байқаусызда қоқыс жәшігіне тасталған 20 мың еуро иесіне қайтарылды
Британияның Глазго қаласына жақын орналасқан Дамбартон елді-мекенінде анасына көмектеспек болған балалар оның өмір бойы жинаған ақшасын қоқысқа лақтырып тастаған.
Massaget.kz порталының жазуынша, анасы жұмыстарымен шығып кеткенде үй жинауға кіріскен ұл мен қыз асүйдегі қажетсіз деп тапқан ыдыс-аяқты түгел қоқыста алып барған. Ал анасы 5 консерві банкасында 20 000 еуро (шамамен $26 000) ақша жинағанын білмеген.
Мұны естігеннен кейін балалар қоқыс таситын компанияға хабарласады. Оларға Тони Скэнлон және Кенни Макадамс есімді компания қызметкерлері көмек қолын созған. Ақыры 1 сағат ішінде банкалар табылған екен.
Қоқыс тасушылар мұндай оқиғалар кейде болып тұратынын айтады: "Біз осыған дейін байқамай қоқысқа лақтырылған той көйлегін, машина кілтін, неке жүзіктерін де тапқанбыз", – деді Кенни.