270
Германия өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
Германия өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
Германия да Қытайдың Ухань қаласынан өз азаматтарын эвакуациялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Ұшақ Майндағы Франкфурт қаласына қонған. Онда 108 неміс, 34 қытай, бір болгар мен америкалық бар.
Қытайдан эвакуацияланғандардың барлығы Гермесхайм қаласындағы әскери базаға орналастырылды. Олар мұнда 2 аптаға дейін карантинде болады. Ұшу кезінде әуе кемесіндегі 7 адамның халі нашарлап, өзге адамдардан оқшауланған.
Бұдан бөлек, ұшақ жанармай құйып алмақ болып, Мәскеуге тоқтамақ еді, Ресей тарапы рұқсат бермеді. Нәтижесінде немістер Хельсинкиге барып, сол жерден көмек алды. Ал ресми дерек бойынша қазір Германияда 7 адам коронавирусқа шалдыққан.
"Мен Қытай үкіметі мен осы операцияға қатысқан барлық қызмет орындарына алғысымды білдіремін. Айта кететін жағдай, ұшақ Қытай еліне бос барған жоқ. 10 мың қорғаныш киімі жеткізілді. Ал елге оралған азаматтар толықтай дерттен аман екеніне көз жеткізбейінше карантинде болады", - дейді Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас.