Қазақстанның барлық мамандандырылған ХҚКО-да полицейлер ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік құралдарын уақытша тіркеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдай бастады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 ақпанына дейін ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдары уақытша тіркеуге жатады.2020 жылдың 1 ақпанынан кейін Қазақстан аумағына әкелінген көлік құралдары уақытша тіркеуге жатпайтынын ескертеміз.Сонымен қатар, уақытша тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жүргізілетіндігін хабарлаймыз" - делінген арнайы хабарламада.Осыған байланысты КҚ уақытша тіркеу қызметі 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап айдың соңына дейін күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қаланың барлық мамандандырылған ХҚКО-да жүргізілетін болады.