Министрлік елдегі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жариялады

Министрлік елдегі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жариялады

Министрлік елдегі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жариялады
ашық дереккөзі
Коронавирустың таралу қаупіне байланысты еліміздегі әуежайлар мен теміржол вокзалдарында шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жалғасуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өзінің Facebook-парақшасында хабарлады.  Ондағы мәліметтерге қарағанда, 2020 жылдың 6 қаңтарынан 1 ақпан аралығында елімізге 27 мың 53 адам келді. Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитарлық-карантиндік пункттерінің мамандары Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда - 20 мың 490 адамды, теміржол вокзалдарында – 399 жолаушыны тексерді. ЖРВИ белгілерімен 78 адам көпшіліктен оқшау ауруханаға жатқызылды, оның 32-і жазылып шықты, қазір стационарларда медициналық бақылауда 46 адам қалды. Ауруханаға жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесі игерген. Республикада терапия үшін қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар, жұқпалы ауруханаларды оқшаулауға арналған бокстар, арнайы дәрігерлік және орта медициналық персонал дайындалған. Айта кету керек, бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.