Ресей дәрігерлері коронавирустан қорғайтын үш дәріні атады

Ресей дәрігерлері коронавирустан қорғайтын үш дәріні атады
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қорғайтын, терапия ретінде қолдануға болатын 3 дәріні атады, – деп жазды Euronews.com.
Министрлік әзірлеген дәрігерлерге арналған уақытша нұсқаулықта қалай әрекет ету, қандай әдіспен емдеу және қандай дәрілерді қолдану тәртібі көрсетілген.
Коронавирусқа қарсы қолдануға тиімді делінген 3 дәрі ретінде Рибавирин, Лопинавир/Ритонавир және Рекомбинантты интерферон бета-1b ұсынылған. Нұсқаулықта дәрілерді қолдану дозасы да көрсетілген.
Бұл дәрілерді қолдану тек дәрігердің рұқсатымен іске асуы тиіс. Рибавирин дәрісін 2002 жылы SARS вирусы тарағанда кеңінен қолданғаны белгілі.