сенбі, 19 сәуір, 2025

Ресейде екі адам коронавирус жұқтырған

/
Ресейде екі адам коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Ресейде екі адам коронавирус жұқтырған ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейде екі адам коронавирусқа шалдыққан. Науқастың екеуі де – Қытай азаматы. Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі вируспен күресті күшейтіп жатыр. Вице-премьер Татьяна Голикованың айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты Ресейде коронавируспен күресудің қосымша шаралары енгізілді. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова: «Дертке шалдыққандардың біреуі – Забайкальеде, екіншісі – Түмен облысында. Екеуінің де денсаулығы қалыпты. Дене қызуы көтерілмеген. Олар қатаң бақылауда, оқшауланған, оларға қажетті көмек көрсетілуде», – деді.
Бөлісу: