307
Семей әуежайына Абай есімі берілді
Семей әуежайына Абай есімі берілді

Семейдің халықаралық әуежайына ресми түрде қазақтың бас ақынының есімі берілді. Жергілікті әкімдік «Абай атындағы халықаралық әуежай» ЖШС деген атау құжат жүзінде ресми бекітілгенін растады.
2019 жылғы қарашада Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы Семей әуежайын Абай атымен қайта атау туралы шешім қабылдағаны мәлім. Бұл ұсыныс былтырғы күзде семейліктерден келіп түсіпті. Ол бастаманы алдымен облыстық ономастикалық комиссия және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттары мақұлдады.
Бұл шара халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде кеңінен мерекеленетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында іске асырылып отыр.