Нұр-сұлтанда қазақтілді онлайн медианың форумы өтеді

Нұр-сұлтанда қазақтілді онлайн медианың форумы өтеді
7 ақпанда елордада қазақтілді онлайн медиаға арналған ең ірі кәсіби алаң – QazForum шарасы өтеді.
ҚазАқпараттың жазуынша, жыл сайын форумда қазақтілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөлісу, шетелдік және жергілікті спикерлерден білім алу, бейресми ортада қарым-қатынас құру мақсатында бас қосады.
«Биыл форум аясында қазақтілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ, жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтерді өткізу жоспарланған», – дейді ұйымдастырушылар.
Форумға бастама беруші және идея жағынан шабыт беруші – Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушы – Қазақстан баспасөз клубы.