358
Коронавирус: дүниежүзінде төтенше жағдай жарияланды
Коронавирус: дүниежүзінде төтенше жағдай жарияланды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан жаңа коронавирустың өршуін халықаралық маңыздағы төтенше жағдай екенін мойындады. Бұл туралы zakon.kz жазды.
ДДҰ мәліметіне сүйенсек, қазірдің өзінде әлемде бұл дертке 7 834 адам шалдыққан. Олардың басым бөлігі – Қытайда (7 736), қалғаны (98) – әлемнің басқа 18 елінде. Мамандар вирустың адамнан адамға жұғуының сегіз фактісін растады.
ДДҰ бас директоры Teдрос Адхан Гебрейсустың дерегінше, 1370 адамның жағдайы өте ауыр, оның 170-і қайтыс болды, тағы 12 167 адамға күдік бар.
Аталмыш ұйым «2019-nCoV жедел респираторлық дертіне» уақытша «2019-nCoV» атауын беруді ұсынды.
Төтенше жағдай «денсаулық сақтау жүйесі осал» мемлекеттерге көмектесу ниетімен жарияланды. Гебрейсус Қытайда табылған жаңа вирустың белең алу жылдамдығы әлемді алаңдатып отырғанын айтады.