сенбі, 19 сәуір, 2025

ШҚО полиция департаментінің басшысы тағайындалды

/
ШҚО полиция департаментінің басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
ШҚО полиция департаментінің басшысы тағайындалды ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құраммен таныстырды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті Әкімшілігі мен аймақ басшысы Даниал Ахметовтың келісімі бойынша полиция полковнигі Сағат Кентайұлы Мәдиев ШҚО полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды. Сағат Мәдиев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция бөлімдерінде басшылық қызмет атқарды. 2017 жылдың наурыз айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған.
Бөлісу: